Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың СӨС дәрігері У.М.Амиркенова Сулейман Демирель атындағы «Мектеп-интернат-колледж» оқушыларына «Қызылшаның алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді. Қызылшаның алдын алу және асқынуы туралы сұрақтар қаралды.
Қызылша - қауіпті вирусты ауру. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Дәрігер қызылша ауруынан қорғайтын жалғыз шара - екпе жасау екенін айтты.







