МӘМС аясында Алматы қаласы №4 қалалық емханасында №319А кабинетінде сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін логопед-дефектолог, олигофренопедагог Козбахова Айгүл Қайырбекқызы қабылдау жүргізеді. Айгүл Қайырбекқызы диагностика, түзету бағытындағы жеке және топтық сабақтар өткізеді.
Сонымен қатар сенсорлық интеграция және арт-терапия сабақтарын жүргізеді. Қабылдау педиатр дәрігерінің жолдамасымен, алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады. Айгүл Қайырбекқызының жұмысының басты ерекшелігі – әрбір балаға жеке тәсіл таба білуі, бұл өз кезегінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ол – өз ісінің нағыз маманы, балаларға және өз кәсібіне жан-тәнімен, үлкен сүйіспеншілікпен қарайды.







