Қаңтардың 22 жұлдызында Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары А.А.Кенесбайдың қатысуымен аудандағы медициналық ұйым өкілдерінің кездесуі өтті.
Алматы қаласы №4 қалалық емхананың директоры Б.К.Утаганов тұрғындарды МӘМС жүйесімен қамту туралы баяндады. Бақыт Құстайлы осы бағытта жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндірме жұмыстарына кеңінен тоқталды. Оның ішінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістердің практикалық аспектілеріне және медицина қызметкерлерінің емделушілермен қарым-қатынасына ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтты. Медициналық көмекті қаржыландырудың жаңа ережелері, сондай-ақ пациенттерге ақпарат берудегі емхана мамандарының рөлін түсіндіру жұмыстары жайлы сөз қозғады. Жиналғандар әр адамның қажетті медициналық көмекті дер кезінде алуын қамтамасыз ету үшін медицина қызметкерлері мен пациенттердің өзара әрекеттесуінің маңыздылығын талқылады.







